Мұнай бағасы қайта төмендей бастады

Brent маркалы мұнай барреліне 76,6 доллардан сатылуда. 

Мұнай бағасы қайта төмендей бастады Фото: inbusiness.kz

Мұнай бағасы АҚШ пен Ұлыбританиядағы демалыс күндерінен кейінгі сауданың төмендеуі аясында құлдырай бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 76,63 долларды құрады, бұл алдыңғы сессияның жабылуындағы бағадан 0,44 доллар(0,57%) төмен. Дүйсенбіде бұл келісімшарттар барреліне 0,12 долларға (0,15%) өсіп, 77,07 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасындаүы (NYMEX) электронды саудада шілде айындағы WTI мұнайының фьючерстерінің бағасы осы уақытқа дейін 0,26 доллар (0,36%) төмендеп, барреліне 72,41 долларды құрады. Қор биржасындағы негізгі сауда АҚШ-тағы мерекеге байланысты өткізілмеді.

Трейдерлердің бар назары әлі де АҚШ үкіметінің борыш шегіне қатысты жағдайда. 5 маусымға дейін бар болғаны бір апта қалды. Бұл қазына министрі Джанет Йеллен үкіметтік қарыз алу лимитін көтерудің соңғы мерзімі деп белгілеген күн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу