Мұнай бағасы қайтадан 110 долларға көтерілді

428

14 қыркүйекте әлемдік нарықта мұнай бағасы қайта өсті.  

Мұнай бағасы қайтадан 110 долларға көтерілді Фото: kmg.kz

Бұған Сауд Арабиясына жасалған жаңа шабуылдар себеп болып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Хусилер корольдік аумағындағы кемелерді нысанаға алған. Бұған дейін Сауд Арабиясындағы мұнай құбырына да соққы жасалған еді. Соның салдарынан маңызды мұнай құбыры уақытша жабылды. Бұл бағыт Сауд Арабиясына Ормуз бұғазын айналып өтіп, мұнай экспорттауға мүмкіндік береді. Аталған бұғаз арқылы әлемдік мұнай жеткізілімінің шамамен 4%-ына тең көлем өтеді.

Дрон шабуылына ұшыраған құбыр арқылы Янбу айлағына 4 миллионға жуық баррель күн сайын жеткізіліп тұрған еді. Енді Янбудағы мұнай қоры шамамен 7 күнге жетуі ықтимал. Ал мұнай құбырын толық жөндеу жұмысы 5 аптаға созылмақ.

Жалпы ақпанда күніне 10,9 миллион баррель өндіріп тұрған Сауд Арабиясы тамызда бұл көрсеткішті 6,2 миллион баррельге азайтты.

Ал, бүгін Brent фьючерстері 3,1% өсіп, барреліне 107,82 долларға жетті. WTI маркалы мұнай 3,2% қымбаттап, баррелінің бағасы 103,22 доллар болды. Алдыңғы аптада мұнай бағасы шамамен 8% өскен. Осылайша, баррель құны шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты.

Сарапшылардың пікірінше, аймақтағы тұрақсыздық мұнай жеткізіліміне қатысты алаңдаушылықты күшейтіп, нарықтағы бағаға қысым жасап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу