Мұнай бағасы дүйсенбіде төмендеді. Трейдерлердің назары АҚШ мемлекеттік қарызының лимиті жөніндегі келіссөздердің жаңа кезеңінде, деп жазады inbusiness.kz nterfax.kz порталына сілтеме жасап.
Market Watch мәліметінше, АҚШ президенті Джо Байден мен АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының спикері, республикашыл Кевин Маккарти дүйсенбіде бұл мәселені талқылау үшін тағы бір кездесу өткізеді.
Жұма күні Маккартидің негізгі одақтасы, Луизиана конгрессмені Гаррет Грейвс мемлекеттік қарыз лимитін көтеру мәселесі бойынша келіссөздер әзірге тоқтатылғанын айтты.
Лондондағы ICE Futures биржасындағы Brent маркалы мұнайға шілдедегі фьючерстерінің құны дүйсенбіде Мәскеу уақытымен сағаи 8:15-де баррелліне 74,97 долларды құрады. Бұл алдыңғы сессияның жабылу кезінде тіркелген бағадан 0,61 долларға (0,81%) төмен. Жұма күні бұл келісімшарттар баррель үшін 0,28 долларға арзандап (0,4%), 75,58 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электрондық сауда-саттығында WTI маркалы мұнай фьючерстерінің маусым айындағы бағасы осы уақытқа дейін баррель үшін 0,61 долларға төмендеп (0,85%), 70,94 долларды құрады. Алдыңғы сессияның қорытындысына сәйкес келісімшарттардың құны барреліне 0,31 долларға азайып (0,4%), 71,55 долларды құрады.
Маусым айындағы WTI фьючерстерінің биржалық айналымы дүйсенбіде нарықтың жабылуымен аяқталады. Неғұрлым белсенді сатылатын шілде келісімшарттары сауда-саттық кезінде баррель үшін 0,58 долларға арзандап (0,81%), 71,11 доллар болды.
Өткен аптаның қорытындысына сәйкес, жақын арада жеткізілетін Brent және WTI маркалы мұнай келісімшарттары тиісінше 1,9% және 2,2%-ға қымбаттаған.