Мұнай бағасы коронавирустың таралуына байланысты арзандады

1221

Brent сұрыпты мұнайдың баррелі 62,30  доллар болды.   

Мұнай бағасы коронавирустың таралуына байланысты арзандады

Қытайдағы коронавирустың таралуы мұнай нарығына кері әсерін тигізіп отыр. Жағдай ушықса, тіпті шикізатқа деген сұраныс түсіп кетуі мүмкін. Оның үстіне Goldman Sachs Group Inc.осындай жағдай орын алады деп болжағаннан кейін,  америкалық мұнай қоры да көбейіп отыр. 

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2020 жылдың наурызындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнайдың баррелі 1,4%-ға арзандап, 62,30  доллар болды.   

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында ақпандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 99 центке көтеріліп, баррелі 55,75 долларды құрады.

"Коронавирус кесірінен сауда мен сапарлардың саны азайды, оның арты мұнайға деген сұраныстың төмендеуіне әкеліп соқты.Дүниежүзілік сақтау ұйымы бұған қатысты ресми мәлімдеме жасамайынша, нарықтағы жағдай осындай болып қалады", – дейді Vanda Insights өкілдері. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу