Мұнай бағасы көтеріліп жатыр

331

Brent мұнайы барреліне 92 доллар деңгейінде саудалануда, деп жазады inbusiness.kz interfax.kz порталына сілтеме жасап.

Мұнай бағасы көтеріліп жатыр Фото: inbusiness.kz

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қараша айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 92,29 доллар деңгейінде саудаланады. Бұл алдыңғы сессияның жабылуына  қарағанда 0,23 долларға артық. Сейсенбі күні бұл келісімшарттардың бағасы 1,42 долларға көтерілді. 

Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электрондық сауда-саттығында WTI мұнайдың қазан айындағы фьючерстері баррель үшін 0,27 долларға қымбаттады. Алдыңғы сауда-саттықтың қорытындысына сәйкес, осы келісімшарттардың құны 1,55 долларға өсіп, барреліне 88,84 доллар болды.

АҚШ Энергетика министрлігі биыл Brent мұнай бағасының болжамын барреліне 82,62 доллардан 84,46 долларға дейін көтерді. Келесі жылға арналған баға болжамы 88,22 долларға дейін ұлғайған. 

Десек те, төртінші тоқсанда Brent сұрыпты қара алтын бағасы орта есеппен 93 доллар болады деп күтілуде.

Биыл мұнайға деген сұраныс былтырға қарағанда тәулігіне 2,44 миллион баррельге дейін өседі. Ал 2024 жылы тәулігіне 2,25 миллион баррельге жетеді, делінген ОПЕК-тің қыркүйек айындағы шолуында. 

Халықаралық энергетикалық агенттіктің тиісті ай сайынғы есебі сәрсенбіде жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу