Лондондағы ICE биржасында 2017 жылдың қыркүйегіндегі жеткізіліммен Brent маркалы мұнай фьючерсінің бағасы бір барреліне 0,49 пайызға, 48,84 долларға дейін жоғарылады, деп хабарлайды finam.ru.
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері (NYMEX) 0,25 долларға (0,54% ) жоғарылап, барреліне 46,59 долларға жетті.
Ливия мен Нигерия мұнай өндірісін қысқарту туралы келісімге қатысудан босатылған болатын, соңғы кездерде өндіру қарқынын үдетті. Бұл жағдай нарықты ретке келтіруге ұмтылып жатқан қалған елдердің еңбегін еш етеді деген инвесторларда қауіп бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу