17 сәуір кешкі саудада мұнай бағасы төмендеді.
Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстері барреліне 85,66 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) сауда барысында WTI мұнайының мамыр айындағы фьючерстері 0,65 доллар (0,79%) төмендеп, барреліне 81,78 доллар болды.
Еске сала кетсек, ақпанда Сауд Арабиясында мұнай өндіру бір ай бұрынғы 10,453 млн баррельмен салыстырғанда тәулігіне 10,45 млн баррельді құрады. Жылдық көрсеткіште 2,2%-ға өсті. Экспорттық жеткізілім көлемі қаңтардағы 7,658 млн баррельмен салыстырғанда тәулігіне 7,455 млн баррельді болды және өткен жылдың ақпан айымен салыстырғанда 2%-ға жоғарылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу