Мұнай бағасы құлдырауда

Brent маркасы 80 доллардан төмен бағалана бастады.

Мұнай бағасы құлдырауда Фото: google

Халықаралық биржаларда Brent маркалы мұнайдың баррелі 79,66 доллардан сатылуда. 

1 мамырдағы саудада эталон маркалы мұнайдың құны 79,31 долларды құрады. 

2 мамыр құлдырау динамикасы жалғасты. Таңғы саудада Brent маркалы мұнайы 0,25%-ға арзандап, баррелі 79,11 долларды құрады. 

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны 75,46 долларға тең. 

"Қара алтын" нарығына бірнеше фактор әсер етуде. Оның бірі АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесінің (ФРЖ) пайыздық мөлшерлемелерге қатысты болжамдары. Ал екіншісі, Қытай тарапынан сұраныс. 

Мұнай бағасы өз кезегінде дамушы елдердің валюталарына қысым жасауда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу