Мұнай бағасы күрт арзандап кетті

1163

Қазір Лондон биржасында Вrent маркалы өнім 3,90 пайызға арзандап, баррелі 49 доллар, 71 центке саудаланып жатыр.

Мұнай бағасы күрт арзандап кетті

WTI-дың баррелі 4,7 пайызға түсті. Қазір Нью-Йорк биржасында баррелі 44 доллар, 85 центке сатылуда, деп хабарлайды Atameken Business.

Қара алтынның құнсыздануына коронавирустың кең таралып кетуі және әлемдік сұраныстың 20 пайызға кемуі әсер еткен. 3 күннен соң бас қосатын ОПЕК-ке мүше елдердің Энергетика министрлері нарықты реттеу үшін қандай шешім қабылдары әлі белгісіз. Дегенмен, Картельге қысымның күшейетіні белгілі.

Сауд Арабиясы тәулігіне мұнай өндірісін 1 млн баррельге дейін кемітеміз деп отыр. Бұл – осыған дейін жоспарланған көлемнен әлдеқайда көп. Бірақ сарапшылар сұранысты реттеу үшін бұл жеткіліксіз екенін айтады. Сол себепті ОПЕК-ке мүше емес, Ресей сияқты ірі өндірушілер де экспорт көлемін шектеуге тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу