Мұнай бағасы күрт өсіп кетті

944

Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қарашасындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 19,5 пайызға қымбаттап, баррелі 71,95 доллар болды. 

Мұнай бағасы күрт өсіп кетті

Лондон және Нью-Йорк биржаларында қазандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 5,5 пайызға көтеріліп, барреліне 63,34 долларды құрады.

Қара алтын бағасының шарықтауына ұшқышсыз басқарылатын әскери аппараттардың Сауд Арабиясының "Сауди Арамко" кәсіпорнына жасаған шабуылы себеп болған. Шабуылды йемендік бүлікші хуситтер тобы мойнына алды. 

Осыдан кейін әлемдегі ең ірі мұнай өндірушілердің бірі саналатын Сауд Арабиясы шикізат өндірісін екі есе, яғни 9,8 млн баррельден 5,7 млн баррельге қысқартқан. 

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның мәлімдеуінше, шабуыл Йеменнен емес, Ираннан жасалған. Ал Иранның Сыртқы істер министрлігі тағылған айыпты жоққа шығарды. 

Ақ Үй басшысы Дональд Трамп болса, шабуыл жасағандарға қарсы батыл әрекеттердің қолданылатынын кесіп айтты. Сондай-ақ ол нарықтағы жағдайды тұрақтандыру үшін елдің стратегиялық шикізат қорынан мұнай бөлуге дайын екенін жеткізді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу