Лондондағы ICE Futures биржасында 2018 жылдың қыркүйектегі жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің Мәскеу уақытымен 8:00-дегі бағасы 1,12 долларға (1,53%) көтеріліп, барреліне $74,52 құрады, деп хабарлайды Интерфакс.
Бүгін сауда-саттық барысында жоғарғы сұрыпты мұнай бағасы кешегі құлдыраудан кейін қайта көтеріле бастады. АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-саттықта қақтығыс күшеюіне байланысты алаңдаушылық әсерінен кеше мұнай бағасы рекордық құлдырауға ұшырады. Сәрсенбі күні келісімшартта көрсетілген баға бірден $5,46-ға (6,92%) түсіп кеткен еді.
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) 0,41 долларға (0,58%) көтеріліп, барреліне $70,79 құрады