Мұнай бағасы қымбаттай бастады

Brent барреліне 95 долларға жақындады.

Мұнай бағасы қымбаттай бастады Фото: inbusiness.kz

Эталондық мұнай бағасы сәрсенбі күні таңертең әлемдік экономикаға қатысты алаңдаушылықтың сейілуінен кейін және әлемдік нарықтағы жанармай тапшылығына қатысты алаңдаушылықтың артуына байланысты қымбаттай бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап. 

Лондондық ICE Futures биржасында Brent маркалы қараша фьючерстерінің бағасы барреліне 94,91 долларды құрайды, бұл алдыңғы сессияның жабылу бағасынан 0,95 долларға (1,01%) жоғары.

Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) электронды саудада қараша айындағы WTI мұнайына фьючерстердің бағасы 0,96 дооларға (1,06%) өсіп, барреліне 91,35 долларды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу