Мұнай бағасы қымбаттап жатыр

679

Brent баррелі 45,75 доллар болды. 

Мұнай бағасы қымбаттап жатыр

Шикізат нарығындағы жағдай тұрақталып келеді. Бұған коронавирус вакцинасына қатысты жаңалықтар әсер етіп отыр. 

Соңғы мәлімет бойынша, Brent сұрыпты мұнай құны 0,47%-ға қымбаттап, 45,75 доллар болды. WTI бағасы 0,39%-ға өсіп, 43 долларға жетті.

Еске сала кетсек, тамызда Brent бағасы 4.6%-ға, WTI-дыкі 5,8%-ға көтерілген еді. Мұндай динамикаға коронавирус вакцианасы қатысты барлық жаңалықтар әсер етіп отыр.Өйткені пандемия кесірінен көптеген елдерде экономикалық белсенділік төмендеп, шикізатқа деген сұраныс азайып кеткен болатын. 

Табиғат Нұрболат

Фото: cnbc.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу