Мұнай бағасы өсіп, аптаны оң динамикамен қорытындылады

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 81,6 долларға дейін өсті. 

Мұнай бағасы өсіп, аптаны оң динамикамен қорытындылады Фото: inbusiness.kz

23 желтоқсан мұнай бағасы өсті. Оған АҚШ-тағы қорлардың азаюы және Қытайдағы COVID-ке қарсы шектеулердің жеңілдетілуіне байланысты сұраныстың артуы ықпал етті.

Батыс елдері экспортталатын мұнай бағасына шекті көрсеткіш енгізгеннен кейін Ресей өндірісті қысқартады деген нарық болжамдары да бағаға әсер етті.

"Ресей Федерациясында келесі жылдың басында мұнай өндіру Еуроодақ елдерінің жаңа механизм енгізуіне байланысты тәулігіне 500-700 мың баррелге қысқаруы мүмкін", – деп мәлімдеді РФ Премьер-министрінің орынбасары Александр Новак.

Лондондық ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың ақпан фьючерстерінің құны барреліне 81,57 долларды құрады, бұл алдыңғы сессияның жабылу бағасынан 0,59 долларға (0,73%) жоғары.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу