Мұнай бағасы өсіп жатыр

835

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 73 доллардан жоғары бағада саудаланып жатыр.

Мұнай бағасы өсіп жатыр Фото: RT

АҚШ пен Еуроаймақтағы ставкалардың өсуінен кейін әлемдік экономикаға қатысты алаңдаушылықтарға және энергия ресурстарына деген сұранысқа қарамастан, мұнай бағасы көтеріліп жатыр, деп жазады Inbusiness.kzhttp://Inbusiness.kz Интерфакс порталына сілтеме жасап.

Лондондағы ICE Futures биржасындағы Brent маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстерінің құны жұма күні Мәскеу уақытымен сағат 8:04-де барреліне 73,21 долларды құрады. Бұл алдыңғы сессияның жабылу кезінде тіркелген бағадан 0,71 долларға артық. Бейсенбі күні бұл келісімшарттар баррель үшін 0,17 долларға дейін қымбаттап, 72,5 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электрондық сауда-саттығында WTI маркалы қара алтынның маусым айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 0,63 долларға дейін өсіп (0,92%), 69,19 долларды құрады. Алдыңғы сессияның қорытындысы бойынша келісімшарттардың құны барреліне 0,04 долларға азайып (0,1%), 68,56 долларды құрады.

Жуырда Еуропалық орталық банк үш негізгі пайыздық мөлшерлемені 25 базистік тармаққа көтерді. Оған сәйкес несиелер бойынша базалық пайыздық мөлшерлеме 3,75%-ды, депозиттер бойынша – 3,25%, маржиналдық несиелер 4 пайызды құрады.

Сәрсенбі күні АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі де негізгі пайыздық мөлшерлемені 25 базистік тармаққа көтерді.

Бұдан бөлек Сауд Арабиясы маусым айында Еуропа елдеріне жеткізілетін мұнай бағасын көтеретіні белгілі болды. Бұл ретте азиялық сатып алушылар үшін жанармай бағасы арзандайды. Saudi Aramco мемлекеттік компаниясының хабарлауынша, келесі айда АҚШ-қа жеткізілетін мұнай бағасы өзгеріссіз қалады. Өз кезегінде Arab Light маркасы барреліне 0,5 долларға арзандайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу