Мұнай бағасы өскен сайын бізге қосымша табыс түседі – Ұлттық банк

207

Қазақстан мұнайды нетто-экспорттаушы ел болып саналады. 

Мұнай бағасы өскен сайын бізге қосымша табыс түседі – Ұлттық банк Фото: DKNews.kz

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мұнай бағасының құбылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Егер біздің фискалдық қаржы жүйесіне қосымша қысым түсетін болса, онда әрине біз Үкіметпен бірге жұмыс істеп, тиісті шараларды өткізуге дайынбыз. Қазір ешқандай дағдарыс жоқ. Егер мұнайдың бағасы 200 долларға жететін болса, онда бізде емес, әлемде энергетикалық дағдарыс болуы мүмкін. Бірақ біз нетто-экспорттаушы ел болғандықтан, әрине, бізге ол оң әсер етуде. Бірақ басқа салдары болуы мүмкін. Жалпы мұнай бағасы өскен сайын бізге қосымша табыс түседі", – деді Ұлттық банк басшысы Мәжіліс кулуарында.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, мұнай бағасының құбылуы қара алтынды импорттайтын елдерге қатысты. 

"Бұл елдердің экономикасы мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің жоғарғы бағасына бейімделетін болады. Ал бізге оң әсер етуде", – деп жауап берді ол.

Айта кету керек, бұған дейін Ұлттық банк төрағасының доллар бағамына қатысты пікір білдіргенін жазғанбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу