Мұнай бағасы өскеніне қарамастан теңге құнсыздана бастады

814

KASE-дегі сауда-саттық ашылғаннан бері USDKZT 11 теңгеден астам құнсызданып, 438,5-ке жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мұнай бағасы өскеніне қарамастан теңге құнсыздана бастады

Ал Brent маркалы мұнай бағасы 0,3-0,4%-ға өсті. 

Көптеген қазақстандықтар мұнай бағасы елдің макроэкономикалық көрсеткіштері үшін, соның ішінде теңгенің тұрақты валюталарға (АҚШ доллары, еуро және т.б.) қатысты бағамы үшін негізгі көрсеткіш болып табылатынына үйреніп қалған. Алайда Украинадағы жағдай басталғаннан бері біз мұнай бағасы нығайған немесе құлдыраған теңгеге тікелей ықпал етпейтінін көріп отырмыз.  Яғни, мұнай бағасы көтерілсе де, теңге бағамы әлсіреуі мүмкін және керісінше.

“Мұнай бағасы теңге бағамы үшін де, басқа мұнай экспорттаушы елдердің бағамы үшін де шешуші, бірақ жалғыз және түпкілікті фактор емес.  Бір жағынан геосаяси фактор (Ресей рублінің жағдайы), екінші жағынан АҚШ долларының жаһандық нығаюы (доллар индексінің қымбаттауы) аса маңызды көрсеткіштерге айналғаны сөзсіз”, – деп түсіндірді экономист Ғалымжан Айтқазин. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу