Мұнай бағасы бүгінгі сауда кезінде сәл ғана өзгерді. Айта кетейік, жақында баға қатты өскен еді, нарыққа Вашингтон мен Бейжің арасындағы қарым-қатынастың нашарлауы әсер етіп отыр. Сондай-ақ сарапшылар АҚШ-та шикізат көлемінің азайғанын айтып отыр, бұл да өз кезегінде нарыққа оң әсер етуде.
Дүйсенбі күнгі сауда нәтижесінде фьючерстер $0,12 (0,18%), барреліне $65,34 дейін қымбаттады.
Нью-йорк тауар биржасында (NYMEX)WTI маркасына қаңтардағы фьючерс бағасы $0,03 (0,05%) - барреліне $60,18 дейін төмендеді. Дүйсенбідегі сессияның жабылуы кезінде келісім бағасы барреліне $60,21 құрады.
Өткен жұмада баға қыркүйектен бергі ең жоғарғы бағаға жеткен еді. Бұған Дональд Трамптың 15 желтоқсаннан бастап Қытай таураларына қосымша алым енгізбейтінін мәлімдегені себеп болды.