Мұнай бағасы рекордтық деңгейге дейін төмендеді

367

Солтүстік теңіздегі Brent маркалы мұнайдың наурыз айында жеткізілетін мұнай бағасы өткен жылдың 18 желтоқсанынан бері алғаш рет барреліне 76 доллардан төмен түсті. 

Мұнай бағасы рекордтық деңгейге дейін төмендеді Фото: inbusiness.kz

Бұған Лондондағы ICE сауда саттығының деректері дәлел бола алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Brent маркалы мұнай бағасы 1,56%-ға дейін төмендеп, барреліне 75,88 долларға жеткен. Бұл ретте американдық WTI маркалы мұнай фьючерстері ақпан айындағы жеткізіліммен 3,26%-ға дейін төмендеп, барреліне 70,4 долларды құрады.

2023 жылдың қорытындысы бойынша, мұнай 10%-дан аса деңгейге арзандады.

Жалпы, сарапшылар мұнай бағасының мұндай динамикасының екі себебін анықтаған.

Біріншісі – әлемдегі мұнайға сұраныстың баяулауы аясында ОПЕК құрамына кірмейтін елдерде отын өндіру көлемінің айтарлықтай арту қаупі.

Ал, екіншісі – Анголаның ОПЕК құрамынан шығуы, өйткені осы себепке байланысты мұнай бағалары бірден төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу