Мұнай бағасы соңғы аптадағы ең жоғарғы деңгейге жетті

947

Бұған ОПЕК елдерінің "қара алтын" өндірісін қысқартуы себеп болған. 

Мұнай бағасы соңғы аптадағы ең жоғарғы деңгейге жетті

Сәрсенбі күні энергетикалық ақпарат басқармасы 10 млн баррель мұнай өндіргенін хабарлағаннан кейін, Нью-Йорктегі фьючерстер 3,3 %-ға өсті. 

Bloomberg агенттігінің соңғы дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қазанындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 98 центке қымбаттап, баррелі 60,49 доллар болды. Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қазандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 85 центке артып, барреліне 55,78 долларды құрады.

Lipow Oil Associates фирмасының президенті Энди Липоу: "Нарықты әлі де баж салығы мен сауда соғысы және осы факторлардың мұнайға деген сұранысқа әсері алаңдатып отыр",-деді. Оның айтуынша, Бейжің мен Вашингтон арасындағы сауда тартысынан бөлек, Оңтүстік Корея мен Жапония арасындағы текетірес те мұнайға деген сұранысты төмендетіп жіберуі мүмкін. 

Ал Macquarie Capital USA Inc.экономисі Викас Двиведидің пікірінше, Еуроодақ пен Ұлыбритания Brexit-ке қатысты ортақ мәмілеге келе алмаса, алыс-беріс бәсеңдейді. Бұл өз кезегінде "қара алтын" бағасына кері әсерін тигізбек. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу