Мұнай бағасы соңғы бес күнде тек төмендеді

1044

Трейдерлер тәуекелі жоғары активтерден бас тартуда.

Мұнай бағасы соңғы бес күнде тек төмендеді

Мұнай бағасы өткен жылдың қазан айындағы ең төменгі көрсеткішке дейін түсіп кетті. Коронавирустың кесірінен Brent маркалы өнім арзандап, қазір баррелі 59 долларға саудаланып жатыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Өткен аптада ғана баға 62 доллар болған еді.

Жұқпалы індеттің таралу қаупі күшейген сайын әлем бойынша энергияға деген сұраныс азая бастады. Дегенмен, бүгін Сауд Арабиясының сарапшылары бұл уақытша сипатқа ие құбылыс, жаһандық сұранысқа айтарлықтай әсер етпейді деп мәлімдеме жасады.

Бірақ, наурыз айына арналған фьючерс көрсеткішіне қарап, бұлай деп айту негізсіз. Баға бес күн қатарынан төмендеп барады. Егер коронавирус құрбандарының саны көбейе түссе, қара алтын бағасы тұрақты болады деу негізсіз. Сондықтан да трейдерлер тәуекелі жоғары активтерден бас тартуда.

Қазір жапон валютасының құны артып келеді. S & P 500 индексі өткен жылдың тамыз айындағы көрсеткішке дейін құлдырады. Қытайдың бірқатар қаласындағы сауда орындары жабылып, ең мол табыс табатын мерекеде төтенше жағдай жарияланғандықтан, Қытай акциялары 5 пайызға дейін арзандады.

Инвесторлар тарапынан дәстүрлік активтерге деген сұраныс жоғары. Қазір алтынның бағасы 0,6 пайызға өсім көрсеткен. Унциясы 1580 долларға саудаланып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу