Мұнай бағасы соңғы екі айда ең жоғарғы өсімді көрсетті

895

АҚШ пен Қытай тараптарының қазан айында Вашингтонда сауда келіссөздерін жүргізуі мұнай нарығына оң әсерін тигізді.  

Мұнай бағасы соңғы екі айда ең жоғарғы өсімді көрсетті

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, "қара алтын" құны соңғы екі айда ең жоғарғы көрсеткішке жетті. Сәрсенбі күні Ақ үй Иранға қарсы жаңа санкция жариялағаннан кейін, шикізат бағасы сәл көтерілген еді. 

Соңғы дерек бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қарашасындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 12 центке арзандап, баррелі 60,58  доллар болды. 

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қазандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 0,4%-ға төмендеп, барреліне 56,06 долларды құрады.

Жаңа келіссөздер раунды қос алпауыт арасындағы шиеліністің басылуына септігін тигізеді деген пікірде инвесторлар. Дегенмен Бейжің мен Вашингтонның бірқатар негізгі мәселелер жөніндегі пікірлері бір жерден шықпай отыр. 

Айта кететін жай, эталон маркалы мұнай бағасының оңалуына Гонконг басшысы Кэрри Ламның ереуілшілердің талабын орындауы, яғни экстрадиция туралы заң жобасын алып тастауы мен келісімсіз Брекситтің болмауы мүмкін деген ақпарат та әсер еткен. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу