Мұнай бағасы тағы да құлдырады

368

Brent барреліне 78,26 долларға дейін арзандады. 

Мұнай бағасы тағы да құлдырады Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы inbusiness.kz сайты Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Лондонның ICE Futures биржасында ақпан айындағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны Мәскеу уақытымен 8:20-дағы жағдай бойынша, барреліне 78,26 долларды құрайды. Бұл алдыңғы сессияның жабылуына қарағанда, 0,62 долларға (0,79%) дейін төмен. Сондай-ақ, жұма күні бұл келісімшарттардың бағасы барреліне 1,98 долларға (2,5%) дейін төмендеп, 78,88 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қаңтарда электронды саудада WTI мұнайының фьючерстері осы уақытқа дейін 0,51 долларға (0,69%) дейін арзандап, барреліне 73,56 долларды құрады. Алдыңғы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, бұл келісімшарттардың құны барреліне 1,89 долларға (2,5%), және 74,07 долларға дейін төмендеді. Өткен аптада Brent және WTI шамамен 2%-ын жоғалтты.

Бұдан бөлек, ОПЕК+ соңғы кездесуден кейін ресми өндіріс квотасын өзгерткен жоқ. Бұл ретте топтың жекелеген елдері 2024 жылдың бірінші тоқсанында өндірісті өз еркімен тәулігіне 2,2 миллион баррельге қысқартады. Сауд Арабиясы өндірісті тәулігіне 1 млн баррельге, Ирак – тәулігіне 223 мың баррельге, БАӘ – тәулігіне 163 мың, Кувейт – тәулігіне 135 мың баррельге азайтады. Ал, Қазақстан – тәулігіне 82 мың баррель, Алжир – 51 мың баррель, және Оман – 42 мың баррель.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу