Мұнай бағасы төмендей бастады

1418

Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 0,3%-ға баррелі төмендеп, 61,01 доллар болды.  

Мұнай бағасы төмендей бастады

Америкалық шикізат қорының мөлшері 1,7 млн баррельге кеміген. Ұзаққа созылған Бейжің мен Вашингтон арасындағы сауда соғысы кесірінен мұнайға деген сұраныс азайып отыр.

Ресейдің энергетика министрі Александр Новактың айтуынша, ОПЕК+ елдерінің ешқайсысы қара алтын өндірісін қысқарту туралы ұсынысты әлі де жасамаған. 

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың желтоқсанындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 0,3%-ға баррелі төмендеп, 61,01 доллар болды.  

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында желтоқсандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 33 центке арзандап, барреліне 55,64  долларды құрады.

Сингапурдағы Vanda Insights сарапшысы Вандана Харидің айтуынша, сауда тартысы аяқталмайынша,  сұраныс өсімі нарықтағы басты мәселе болмақ. Бірақ ол АҚШ-тағы мұнай мен одан жасалған өнімдер қоры келесі аптада азаймайды дегенді айтты.  

Айта кету керек, Таяу Шығыстағы дау әлі де басылмады. Оңтүстік Корея экономикасының өсімі үшінші тоқсанда баяуласа, ал Қытайдың ЖІӨ 90-шы жылдардан бергі ең төменгі көрсеткішке жетті. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу