Мұнай бағасы төртінші күн қатарынан өсуде

784

Мұнай бағасының көтерілуіне АҚШ мұнай қорының қысқаруы мен Федералдық қор жүйесінің төрағасы Джером Пауэлдің рецессия болмайды деп мәлімдеуі әсер етіп отыр. 

Мұнай бағасы төртінші күн қатарынан өсуде

Қара алтын нарығы өткен аптадан бастап оңалып келеді. Жақын күндері ОПЕК пен оның серіктестері кездесу өткізбек. Екі күнге созылатын жиында Біріккен Араб Әмірлігінің энергетика министрі ұйымға мүше елдерді мұнай өндірісін шектеу туралы айтатын болады.

Айта кетейік, Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбдел Әзиз Әль Сауд елдің энергетика министрін қызметінен босатып, оның орнына ұлын, ханзада Әбдуләзиз бен Салманды тағайындады. 

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қарашасындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 1 пайызға көтеріліп, баррелі 62,15 доллар болды. Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қазандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 1,2 пайызға қымбаттап, барреліне 57,19 долларды құрады.

Мұнай бағасының көтерілуіне АҚШ мұнай қорының қысқаруы мен Федералдық қор жүйесінің төрағасы Джером Пауэлдің рецессия болмайды деп мәлімдеуі әсер етіп отыр. 

Oanda корпорациясының аналитигі Джеффри Халлидің айтуынша, Сауд Арабиясының жаңа энергетика министрі шикізат өндірісін қысқартуы мүмкін. Бұл өз кезегінде мұнай фьючерстері бағасының өсуіне ықпал етпек. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу