Лондондағы ICE Futures биржасында 2018 жылдың маусымындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің Мәскеу уақытымен 8:15 - тегі бағасы 0,39 долларға (0,54%) көтеріліп, барреліне $71,97 құрады, деп хабарлайды Интерфакс.
Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) 0,35 долларға (0,53%) өсіп, барреліне $66,87 құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу