Мұнай бағасы тұрақталып келеді

688

Сауд Арабиясы қысқарған өнімнің орнын толтыруға уәде еткеннен кейін, нарықта тыныштық орнады. Бір апта бұрын Saudi Aramco нысандарына жасалған шабуылдардан кейін, "қара алтын" құны шарықтап кеткен еді. 

Мұнай бағасы тұрақталып келеді

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың қарашасындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 26 центке көтеріліп, баррелі 63,86 доллар болды. 

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында қазандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 0,4 пайызға қымбаттап, барреліне 58,32 долларды құрады.

Естеріңізге сала кетейік, Сауд Арабиясы сенбі күні жасалған шабуылдар Йеменнен емес, Ираннан жасалды деп мәлімдеген еді. Бірақ ресми Тегеран өзіне тағылған айыпты мойындаудан үзілді-кесілді бас тартты. Шабуылды Йемендегі көтерілісші хуситтер мойнына алған болатын. 

CMC Markets Asia Pacific Pty аналитигі Майкл Маккартни: "Таяу Шығыстағы шиеленіс пен Иранға қатысты мәселелердің шешімі әлі күнге дейін табылған жоқ. Дегенмен нарықтағы жағдай дұысталып келеді", – деді.

 Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу