Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңертеңгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 27 маусымдағы доллардың орташа бағамы 321,79 теңге болды. 26 маусымдағы таңғы сессияның қорытындысымен салыстырғанда, ұлттық валюта 3,48 теңгеге нығайды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
Дүйсенбі күні Brent маркалы мұнай мен WTI маркасы да қатар көтерілген болатын. Brent 0,29 долларға көтерілген (0,6%), ал WTI - $0,37 долларға қымбаттаған болатын (0,9%). Осылайша, Brent барреліне 45,83 долларға бағаланса, WTI барреліне 43,38 долларға сатылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу