Мұнай бағасы үшінші күн қатарынан төмендеуде

733

Бұған америкалық мұнай қорының көбеюі әсер етіп отыр. 

Мұнай бағасы үшінші күн қатарынан төмендеуде

Сондай-ақ АҚШ пен Қытай сауда келісіміне келесі айға белгіленген Чили саммитінде қол қоюы керек болатын, бірақ ресми Сантьго кездесуді кейінге қалдырды. Ресми дерекке сүйенсек, АҚШ-тағы шикі мұнай қоры өткен аптада 5,7 млн баррельге өскен.

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың желтоқсанындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 98 центке арзандап, 60.61 доллар болды.  

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында желтоқсандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 48 центке арзандап, барреліне 55,06  долларды құрады.

Сауда соғысы әсерінен әлсіреген әлемдік экономикадағы мұнай қорының көлемі сәуір айынан бастап 17%-ға төмендеген. Желтоқсан айында ОПЕК пен оған мүше елдер өндірісті қысқарту туралы талқылаулар өткізбек. Айта кететін жайт, жуырда ОПЕК-ке Бразилия мемлекеті қосылуы мүмкін. Ел президенті Жаир Болсонароның айтуынша, Сауд Арабиясының басшысы Мұхаммед бен Салман ұйымға ену туралы бейресми ұсыныс жасаған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу