Мұнай бағасын тұрақтандыру үшін АҚШ Ресейге санкция салуы мүмкін

735

The Wall Street Journal басылымы осындай ақпарат таратты. 

Мұнай бағасын тұрақтандыру үшін АҚШ Ресейге санкция салуы мүмкін

АҚШ әлемдік мұнай нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін Ресейге қарсы санкция салуы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.   

Америкалық әріптестеріміздің айтуынша, Ақ үй Сауд Арабиясының өндіріс көлемін бұрынғы деңгейге дейін түсіргенін қалайды. Сол үшін әкімшілік Мемлекеттік департамент пен Ұлттық қауіпсіздік кеңесіне тапсырма беріп, мәселені реттеуге кіріспек.

Күні кеше Трамп Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы мәселені реттеуге кірісетінін айтқан еді. Өйткені қара алтынның арзандап кетуі ешкімге де тиімді емес екені анық. Қазір теріскейдегі көршіміз өндіретін Юралс мұнайының баррелі 18 долларға дейін түсіп кеткен. Мұндай баға соңғы 18 жылда болған емес. 

Қазір даблютиайдың баррелі 22 доллар 48 центке саудаланып жатыр. Кеше ол 27,22 долларға сатылған еді.

Брент маркалы өнімнің мамыр айындағы фьючерсі – 25,89. Баға кешегі көрсеткішпен салыстырғанда 3 доллар 32 центке арзандаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу