Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың базалық мөлшерлемесі туралы мәлімдемесінде жазылған.
"Базалық сценарийге сәйкес, Brent маркалы мұнай бағасының 2023 жылы қазіргі деңгейден 1 баррель үшін 90 долларға дейін біртіндеп көтеріледі деп болжанып отыр. Биыл мұнайдың орташа бағасы 1 баррель үшін 87,7 долларды құрап, 2024 жылы 85 долларға дейін біртіндеп төмендейді. Оптимистік сценарий бойынша Brent маркалы мұнайдың бағасы 1 баррель үшін 110 доллар, ал пессимистік сценарий кезінде 1 баррель үшін 50 долларды құрайды", – деп жазылған Ғалымжан Пірматовтың мәлімдемесінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу