Мұнай бағасының құлдырауы теңге бағамына кері әсерін беруде. Бүгін мәжіліс қабырғасына келген Ұлттық банк төрағасының орынбасары Мәдина Әбілқасымова осылай деді.
Айтуынша, валюта нарығында соңғы бір аптадан бері тұрақсыздық орнаған. Әрине, оған бірнеше фактор себеп. Дегенменмен ең бастысы – әлемдік алтын қорының біршама азрзандай түсуі. Дүйсенбі күні мұнай бағасы 6%-ға дейін құлдыраған. Тек бүгін ғана оның 1,09% көтерілгені байқалды.
Қазір Нью-Йорк қор биржасында Brent маркасы барреліне $61,45 доллардан сатылып жатыр. Бүгінгі саудада ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 384 теңге 21 тиынға тең.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу