"Мұнай бағасының төмендеуі және шетел валютасына деген сұраныс теңгені әлсіретті"

566

Шілденің қорытындысы бойынша, теңгенің айырбастау бағамы 477,07-ге дейін 1,5% әлсіреді. Мұндай динамикаға сыртқы факторлар мен ішкі факторлар да ықпал етті. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова Kapital.kz сайтына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мұнай бағасының төмендеуі және шетел валютасына деген сұраныс теңгені әлсіретті"

"Екінші ай қатарынан мұнайға баға белгілеу төмендегенін атап өткен жөн. Бұдан басқа, АҚШ-та мөлшерлемелерді агрессивті көтеру – ұлттық валютаға, сондай-ақ дамушы нарықтардың валюталарына қысым жасауын тоқтатқан жоқ", - деді Молдабекова.

Ішкі факторлар жағынан жалғасып келе жатқан демалыстар кезеңі мен компаниялардың дивиденд төлеуі бір ай ішінде шетел валютасына деген сұраныстың артуына ықпал етті.

"Мәселен, сауда-саттықтың орташа бір күндік көлемі өткен айдағы 96,4 млн долларымен салыстырғанда, шілдеде 118,6 млн долларға дейін ұлғайды. Шілденің соңына қарай теңге бағамы позициясын біршама қалпына келтіріп, экспорттаушылардың салықтық төлемдері арқасында әлсіреу қарқынын азайтты", - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 543,9 млн доллар көлемінде сатуы, сондай-ақ 599,2 млн доллар мөлшерінде ҚРҰҚ-тан трансферттерді қамтамасыз ету үшін валютаны сатуы айырбастау бағамына бір ай бойы қолдау көрсетті. Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу