2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, мұнай экспорттаушы елдердің тағы бір ұйымы құрылуы мүмкін, деп хабарлайды Atameken TV.
Ресейдің энергетика министрі Александр Новак әзірге альянстың қалай аталары және штаб-пәтері қайда орналасары белгісіз екенін айтады. Бірақ ұйымның ОПЕК+ негізінде жұмыс істейтіні анық.
Жаңа уағдаластық Мәскеу мен мен Эр-Рияд арасында жүргізіліп жатыр. Алдағы айда картельге мүше елдердің энергетика министрлері кездесіп, қауымдастық шарттарын қарастыруды жоспарлауда.
Ресей мен Саудия жаңа ұйымға АҚШ-ты мүшелікке кіргізгісі жоқ. Rambler агенттігінің жазуынша, қазір АҚШ Конгрессі ОПЕК шартына кірген елдердің дербес альянс құруына тыйым салатын құжатты бекітуде. Оған "No OPEC" деген атау берілген.