Мұнай экспорты 12%-ға артып, экспорттық баға 58%-ға өсті

658

Елден шығатын мұнайдың үштен бірінен астамы Италия мен Нидерландыға кетеді.

Мұнай экспорты 12%-ға артып, экспорттық баға 58%-ға өсті

Битуминозды минералдардан алынған мұнайды қоса есептегенде, шикі мұнай өндірісі қаңтар-мамыр айларында 31,9 млн тонна болды. Былтыр 5,5%-ға аз болған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеме беріп.

"Маусымның соңында ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы өтіп, өндіру деңгейін тамыз айына – тәулігіне 0,648 млн баррельге арттыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды. Қазақстанның тамыз айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,706 млн баррельді құрайды", – деп хабарлайды Энергетика министрлігінен.

Бізде өндірілген барлық шикі мұнай экспортқа жіберілді. Мәселен, 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында 25,3 млн тонна өндірілді, оның 24,4 млн тоннасы экспортқа кетті — былтырғымен салыстырғанда 12,2%-ға артық. Бұл ретте ішкі нарықтағы өткізу көлемі 2 еседен астам, 1 млн тоннаға дейін қысқарды.

Қаңтар-мамыр айларында битуминозды минералдардан алынған 30,2 млн тонна шикі мұнай мен шикі мұнай өнімдері экспортталды. Бұл 2021 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 12,1%-ға артық. Көлемнің жартысынан астамы Италияға (8,3 млн тонна), Нидерландыға (3,3 млн тонна), Оңтүстік Кореяға (2,5 млн тонна) және Қытайға (2,2 млн тонна) жөнелтілді.

Шілде айында Қазақстан өз мұнайының 80%-ға дейін экспорттайтын Каспий құбыр консорциумы (КҚК) тағы да проблемаларға тап болды. Алайда қазіргі уақытта жағдай шешілді. 

Дегенмен Қазақстан мұнайды экспорттауды әртараптандыруды ойлай бастады. Осы орайда Транскаспий бағыты басым бағыт болып тұр.

Қаңтар-мамыр қорытындылары бойынша шикі мұнай мен шикі мұнай өнімдерін, олардың битуминозды минералдарын жеткізудің экспорттық бағасы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бірден 58,4%-ға өсті. Бір жыл бұрынғы қарағанда 19,3%-ға өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу