Мұнай экспортындағы мәселелер Қазақстанның ұлттық рейтингіне кері әсерін тигізді

540

S & P Халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның ұлттық рейтингі алдағы екі жылда айтарлықтай төмендеуі мүмкін екендігін ескертті, деп хабарлайды Atameken Business.   

Мұнай экспортындағы мәселелер Қазақстанның ұлттық рейтингіне кері әсерін тигізді

Қазірдің өзінде агенттік ел рейтингіне қатысты болжамын "тұрақтыдан" "негативтіге" ауыстырған. Сараптамада Қазақстанның қысқа және ұзақмерзімді кредиттік көрсеткіші ВВВ-/А-3 деңгейінде екендігі айтылды. Бұл ең алдымен елдегі мұнай экспортының 80 пайызы тәуелді болып отырған Каспий мұнай консорциумының жұмысындағы олқылықтармен және мемлекеттік қарыздармен байланысты болып отыр. Себебі, мұнай тасымалының ұзақ уақытқа қысқаруы  республиканың қаржылық жағдайына кері әсерін беретіні анық.  Ішкі тұрақсыздықтың көрінісі болатын азаматтық тәртіпсіздіктердің жиілеуі де рейтингтің төмендеуіне алып келуі ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу