Мұнай экспортының көлемі 66 миллион тоннаға жетті

620

Бұл былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,8%-ға артық.

Мұнай экспортының көлемі 66 миллион тоннаға жетті

Бүгін үкіметінің отырысында энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2018 жылдың 11 айындағы отын-энергетика саласының дамуы туралы баяндады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2018 жылдың 11 айында отын-энергетика саласының негізгі көрсеткіштері оң өсім динамикасын көрсетіп отыр.

82,4 млн тонна мұнай және конденсат өндірілді, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9%-ға жоғары. Қанат Бозымбаев атап өткендей, оның ішінде, үш ірі жоба бойынша мұнай өндіру көлемі 49 млн тоннаны құрады: Қашағанда — 12 млн тонна, Теңізде — 25,9 млн тонна, Қарашығанақта — 11,1 млн тонна мұнай өндірілді. Мұнай экспортының көлемі 66 млн тоннаға жетті, бұл былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,8%-ға артық.

"Мұнай өңдеу көлемі шамамен 15 млн тоннаны құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,6%-ға жоғары және осы жылдың 11 айында жоспардан 2,4%-ға артық. Мұнай өнімдері өндірісінің көлемі (авиакеросин, дизельді отын, мазут, бензин) 10,6 млн тоннаны құрады, бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 9,3%-ға және биылғы 11 айдың жоспарынан 3,9%-ға артық", — деп баяндады энергетика министрі Қанат Бозымбаев үкімет отырысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу