Мұнай-газ-химия өнімдерінің өндірісі 34,7%-ға артты

2022 жылы 96,1 млрд теңгеге 142 газ жобасы іске асырылды. 

Мұнай-газ-химия өнімдерінің өндірісі 34,7%-ға артты Фото: el.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңындағы баспасөз конференциясында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"2022 жылдың қорытындысы бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндірудің күтілетін көлемі 256 мың тоннаны құрайды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 34,7%-ға артық. 2023 жылы 515 мың тонна мұнай-газ-химия өнімін өндіру жоспарлануда", – деді Болат Ақшолақов.

2022 жылы 96,1 млрд теңгеге 142 газ жобасы іске асырылды, бұл 284,8 мың адамды немесе 107 ауылдық елді мекенді табиғи газға қолжетімділікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 

"2023 жылы 86 жобаны іске асыру жоспарланған, бұл 166,6 мың адамды немесе 56 ауылдық елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді министр. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу