Шараға 50-ден астам компания қатысып, жалпы саны 487 вакансия ұсынылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Жәрмеңке барысында қатысушыларға түрлі мекемелердегі жаңа жұмыс мүмкіндіктері таныстырылды. Әсіресе дәнекерлеуші, слесарь, электрмонтаждаушы және механик секілді техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары екені атап өтілді.
Жұмыс іздеушілерге еңбек шарттары түсіндіріліп, кейбірі сол жерде-ақ әңгімелесуден өтті. Іс-шараға студенттер де, орта жастағы азаматтар да қатысып, өздеріне қолайлы жұмыс табуға мүмкіндік алды.
Аймақта бос жұмыс орындары жәрмеңкелері оң нәтижесін көрсетіп келеді. Биылдың өзінде Атырау облысында 764 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.