Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Мәжілісте өткен Үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Мұнай-газ саласы – тұрақты экономикалық дамудың негізгі драйверлерінің бірі. Бүгінде саладағы 1300 астам кәсіпорында 220 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Жалпы ішкі өнім құрылымында мұнай-газ саласының үлесі шамамен 16% құрайды, ел бюджетіне түсетін түсімдердің 28%-ынан астамын және экономикаға инвестицияның 15%-ынан астамын қамтамасыз етеді", – деді Алмасадам Сәтқалиев.
Министр мұнай секторының қазіргі жағдайы туралы айтты.
"2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша көмірсутегі шикізатына қатысты 315 келісімшарт жарамды. 2020 жылдан бастап жер қойнауын пайдалану құқығын беру рәсімі толығымен автоматтандырылды және аукцион арқылы электронды түрде өткізіледі, бұл оны барынша ашық және айқын етеді. Осы кезеңде 9 электрондық аукцион өткізілді. Онда бюджетке шамамен 49,5 млрд теңге сомасындағы жазылу бонусын төлей отырып, геологиялық барлауға 443 млн доллар сомасында жарияланған инвестициялар арқылы 110 жер қойнауы учаскесі сатылды", – деп атап өтті ведомство басшысы.
Оның сөзінше, келесі аукцион өткізу 9 аумақ бойынша 2024 жылдың 27 қарашасына жоспарланған.