Мұнай-газ саласындағы экологиялық жауапкершілік күшеймек

2096

Құзырлы министрлік жаңа "Экологиялық кодексті" дайындауды қолға алған. 

Мұнай-газ саласындағы экологиялық жауапкершілік күшеймек

Мұнай-газ саласындағы экологиялық жауапкершілік күшеймек, деп хабарлайды 24.kz

Елімізде жыл сайын миллиондаған тонна мұнай мен миллиардттаған текше метр газ өндіріледі. Тіпті өткен жылы бұл көрсеткіштер рекордтық деңгейге жеткен. Сәйкесінше қоршаған ортаға келіп жатқан залал да орасан. Осыған орай салада экологиялық жауапкершілікті күшейту мәселесі алдыңғы орынға шықты.

Бірер жыл бұрын елімізде мұнай-газ компанияларының рейтингі жасала бастады. Оған 19 компанияның экологияға әкеліп жатқан залалы және оны болдырмауға бағытталған шаралары жайында ақпарат ашық енгізіледі. Бұған қоса құзырлы министрлік жаңа "Экологиялық кодексті" дайындауды қолға алған. Заң жобасында табиғатқа зиян келтірмеудің заманауи және тиімді тетіктері нақты көрсетілген.

"Мұнай-газ секторы компанияларды өндіру және қайта өңдеудің экологиялық зиянсыз технологиялар ендіруге барлық мүмкіндік бар деп ойлаймыз. Отын энергетика кешені объектілеріне жасыл технологиялар немесе ең ұтымты қолжетімді технологияларды ендіру және пайдалану, мұнай және газды өндіру үшін негізгі талаптардың бірі болып табылады", – дейді  ҚР энергетика министрінің орынбасары Сәбит Нұрлыбай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу