Мұнай-газ саласындағы қаржы жымқыру фактісі бойынша сот үкімі шықты

153

Прокуратураның бастамасымен өткен жылы мұнай-газ кәсіпорындарында тексерулер жүргізілді.

Мұнай-газ саласындағы қаржы жымқыру фактісі бойынша сот үкімі шықты Фото: 1С-Рейтинг

Нәтижесінде "Oil Transport Corporation" ЖШС қызметінде жабдықты қабылдау кезінде заңбұзушылықтар анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Тергеу барысында кәсіпорын мен мердігер компанияның басшыларын қоса алғанда, 3 адам ұсталды.

Сот отырысы қорытындысында барлығы кінәлі деп танылды.

  • Кәсіпорын бас директорының орынбасары лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланып, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеті үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

  • Мердігер компанияның екі өкіліне әрқайсысына 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот процесі барысында сотталғандар мемлекетке 250 млн теңге көлемінде келтірілген шығынды өтеді.

Үкім заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу