Мұнай кен орнында 20 жастағы жігіт мерт болды

798

Қызылордада Кеңлік мұнай кен орнында 20 жастағы мұнай өндіру операторы мұнай сақтайтын ыдысқа түсіп кетіп, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мұнай кен орнында 20 жастағы жігіт мерт болды

Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, оқиға жергілікті мұнай өндіру компаниясының өндіріс орнында болды. Ал мерт болған адам сол компанияда мұнай өндіру операторы болып жұмыс істеген.

"Сырдария ауданының полиция бөлімі аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігімен қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр. Қылмыстық–процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа деректер жариялауға жатпайды", – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу