Мұнай компанияларындағы еңбек теңсіздігі шешілді ме

1671

Мұнай саласында басшылық қызметте бір ғана қазақстандық бар. 

Мұнай компанияларындағы еңбек теңсіздігі шешілді ме

Бүгінде мұнай-газ саласында қазақстандық үлес артып келеді. Анығын айтқанда Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ жобаларында жұмыс істеп жатқан қазақстандықтардың саны 90 пайызға жеткен. Бұл – энергетика министрлігінің ақпаратыдеп хабарлайды Atameken Business.

Бірақ, экономикамыздың негізгі қозғаушы күші мұнай саласында басшылық қызметте бір ғана қазақстандық бар. Оның өзі 25 жыл ішінде биыл ғана тағайындалған. Ал жалақы айрымашылығы жылдар бойы қаузалып, шешілмей келе жатқан мәселе екені бәріне аян. Соның салдарынан үш ай бұрын  Теңіз елдімекенінде мыңға жуық жұмысшы ереуілге шығып, арты төбелеске ұласқан еді. 45 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Осы іспетті жағдай, 2006 жылы да болған. Ол кезде жүздеген жергілікті және шетелдік жұмысшылар бір-бірімен төбелесіп, 150 түрік азаматы жараланған еді. Төбелеске сылтау әртүрлі болғанымен, себеп бір – еңбек жағдайының теңсіздігі.

Бүкіл ел бойынша теңсіздікке шағымданғандар табылды.  Әрине бұл іске үкімет араласып, мәселені шешуге тырысып жатыр. Мұнай-сервис компаниялары да өз үлестерін қосуда. Нақты қандай өзгерістер бар ? Бұл сұрақтарға  Atameken Business студиясына қонаққа келген Қазақстан мұнай-сервис компаниялар одағының төралқа төрағасы Рашид Жақсыбеков жауап берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу