Мұнай компанияларының құны 30 жылдан кейін арзандайды – Билл Гейтс

1067

Ол "көк" сутекті пайдалану саласының әлеуеті зор деген пікірде.

Мұнай компанияларының құны 30 жылдан кейін арзандайды – Билл Гейтс Фото: bloomberg.com

30 жылдан кейін кейбір мұнай компанияларының құны өте арзан болады. Америкалық миллиардер Билл Гейтс осындай болжам жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Оның ойынша, компаниялардың барлығы бірдей "таза" энергия көздеріне ауыса алмайды.

"Ия, бұл алыптардың кейбірі құлдырайды. Білесіз бе, 30 жылдан кейін мұнай компаниялары акцияларының біразы айтарлықтай арзандайды", – деді Гейтс.

Ол "көк" сутекті пайдалану саласының әлеуеті зор деген пікірде. "АҚШ-та сутекті тасымалдау үшін модернизациялауға болатын құбыр инфрақұрылымы бар", – деді миллиардер.

Соңғы бес жыл ішінде Exxon Mobil, BP және Royal Dutch Shell сияқты компаниялары акцияларының бағасы төмендеді. Бұл тенденция әсіресе коронавирус пандемиясы басталған кезде байқалды. Бұл фактор мұнайға деген сұранысқа кері әсерін тигізіп, тіпті ең ірі мұнай және газ компаниялары үлкен шығынға ұшырады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу