Мұнай компаниясы талапқа сай келмейтін кәсіпкерді конкурсқа қатыстырғаны анықталды

699

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сатып алудағы бұзушылықтар туралы арыз түседі. 

Мұнай компаниясы талапқа сай келмейтін кәсіпкерді конкурсқа қатыстырғаны анықталды Фото: google

"ӨзенМұнайСервис" 2 млрд теңгеден асатын "Экипажы бар арнайы техниканы жалдау бойынша" қызметтерін сатып алу ережелерін бұзған. Мұнай компаниясы конкурстық рәсімдері бұза отырып, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін кәсіпкердің конкурсқа қатысуына рұқсат берген. 

Департаменттің араласуымен осы мәселе бойынша "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-на ұсыныс жолданып, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның сатып алуларды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметімен конкурстық процедура тексерілді.

Нәтижесінде, сатып алудың тәртіп нормалары бұзылғаны анықталған және оны жою туралы енгізілген хабарламаға сәйкес, аталған қызмет түрі бойынша ашық тендер тәсілімен сатып алу қайта жарияланған. 

Электронды сатып алудың қорытындысы бойынша жеңімпаз ретінде "МұнайСпецСнабКомпания" ЖШС танылды және 400-ден астам адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Айта кетейік, "ӨзенМұнайСервис" ЖШС-гі "Қазмұнайгаз" АҚ-на еншілес ұйым болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу