Ақтөбе облысы ПД "West Trans Group-M" ЖШС басшысына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Күдікті мұнай компаниясына вахталық әдіспен жұмысқа орналастыруға уәде беріп, 150 - 300 мың теңге көлемінде алдын ала төлем алған.
ПД дәл осы алаяқтықтан зардап шеккен тұлғаларға облыстық ПД 416 кабинетіне хабарласуды немесе 8(7132)936-416 телефонына қоңырау шалуды сұрайды. Еліміздің басқа өңірлерінің тұрғындарынан тұрғылықты жері бойынша аумақтық бөлімшелерге хабарласуларыңызды сұраймыз, - деді Ақтөбе облысы ПД ТБ бастығының орынбасары Сұлтанов Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу