Мұнай котировкалары құлдырап кетті

1150

Мұнай котировкалары құлдырап кетті

Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтарда жеткізілетін фьючерстері барреліне 0,77%-ға, $46,50 дейін төмендеп кетті, деп жазады "Росбалт".

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері барреліне 1,17%, до $44,81 дейін құлады.

Бұған дейін хабарланғандай, мұнай өндірісін қысқарту жөнінде жан-жақты келіссөздер жүргізіліп жатқанына қарамастан, ОПЕК мұнай өндірісін үдете түсті.  Қазанда картельдің өндірген мұнай көлемі  бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті, яғни тәулігіне 33,82 млн баррель болды. Бұл қыркүйектегіден 130 мың баррельге артық және сол айда Алжирде картельге мүше елдер келіскендегі көлемнен 800 мың баррельге асып кетіп тұр. Белгілі болғандай,  өндірілген мұнай көлемі Ливия, Нигерия және Ирак нарықтарына жөнелтілген. Сондай-ақ Саудия мұнай өндірісін аз да болса азайтқан, бұл қысқартудың орнын  БАӘ және Кувейт секілді одақтастары өндірген артық мұнай көлемімен "жауып" жіберген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу