Мұнай котировкалары жыл соңына дейін 54-54,8 доллар аралығында қалады – Sberbank CIB

909

Мұнай котировкалары жыл соңына дейін 54-54,8 доллар аралығында қалады – Sberbank CIB

Қазіргі таңда мұнай котировкаларының өсу мүмкіндігі таусылды, деп санайды Sberbank CIB талдау агенттігінің Sberbank Investment Research сарапшылары.

Sberbank Investment Research шолуында айтылғандай, сарапшылардың пікірінше, жыл соңына дейін Brent мұнайының құны 54-54,8 доллар аралығында қалады.
"Brent маркалы мұнай котировкаларының динамикасын талдай отырып соңғы  10 күнде баға орнығып келе жатқаны байқаймыз. Мұнай нарығында сауда барреліне 56 доллардан әрі асқан жоқ", – делінген шолуда.
Сарапшылардың пікірінше, мұнай нарығында сұраныс толықтай өтелді және сауда белсенділігі төмендеп келеді.

"Алыпсатарлардың көпшілігі  рождество мерекесі алдында  табысқа қол жеткізуге тырысуда, өйткені  жұмада және одан кейінгі дүйсенбіде сауда болмайды. Алыпсатарлардың ұзақ жайғасымы келісімшарт саны жағынан да, көлем жағынан да рекордтық деңгейге жетті, бұл жағымсыз жаңалықтармен қоса-қабат нарыққа қысымды арттыруы мүмкін", – деп жазады сарапшылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу