Мұнай құны құбылып тұр

1156

Әлемде Brent сұрыпты мұнай 61,90 доллар болды.  

Мұнай құны құбылып тұр

Америкалық шикізат қорының көбеюі бағаның төмендеуіне әкеліп соқты. Десе де инвесторлар АҚШ пен Қытай келіссөздерінен үміт күтіп отыр.

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың желтоқсанындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсі 54 центке арзандап, 61,90 доллар болды.  

Ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында желтоқсандағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері 1%-ға арзандап, барреліне 56,51 долларды құрады.

"Қара алтын" қазіргі бағасы сәуір айындағы көрсеткішпен салыстырғанда, 15%-ға төмен.

Дүйсенбі күні CNBC басылымы Қытайдың сауда келісімін жасауға құлықсыздық танытып отырғанын жазды. Бұған Дональд Трамптың тариф күшін жойғысы келмейтіндігі себеп.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу